Атырауда карантин режиміне өзгерістер енгізілді

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 62 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын азайту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» №62 қаулысына төмендегіше өзгеріс енгізілсін:

1) 4-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

12) бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 09:00-дан 22:00-ге дейін рұқсат берілсін;

2) 4-тармақ 23 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:

23) отырғызу орындарының жалпы санынан 50% - дан артық емес толтырылуы, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;

3) 4-тармақ 24 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 24) ашық алаңдағы аттракцион қызметіне тыйым салынсын;

4) 4-тармақ 25 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:

25) сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;

5) 5-тармақ 8 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:

8) «үйге жеткізу» принципі қызметінен басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне тыйым салынсын;

6) 5-тармақ 9 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:

9) саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) тыйым салынсын;

2. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Қ.Гайнеденов,

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521