Атырауда кәмелеттік жасқа толмағандардың мәселелері талқыланды

 Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтың төрағалығымен облыстық комиссия отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар қаралды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қозғалды. Мәселен, облыста Мемлекет басшысының тапсырмасына сай балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында спорттық нысандар саны көбейтіліп, мамандар саны артып келеді.

- Облыс бойынша 31 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істесе, оның 9-ы қалада, 22-і ауылда. Биыл облыстың 13 спортшысы ҚР Кубогі бойынша жеңіске жетіп, спорт шебері атағына ие болды. Теннис орталығында 110 бала мен жасөспірім мемлекеттік тапсырыс аясында тенниспен тегін шұғылданып жатыр. Спорттың 26 олимпиадалық және 42 олипмиадалық емес, 1 техникалық, 11 ұлттық, жалпы 80 спорт түрін және мүгедектер спортын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр,- деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.

Жиында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия жұмысы қаралды. Былтыр осы бағыта 22 отырыс өткізілген. Осыған байланысты 116 іс ювеналды полиция бөлімінің және білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша қаралды.

- Биыл сегіз комиссия отырысы өткізілді. Онда 47 жасөспірімге қатысты іс қаралып, оның ішінде үш кәмелетке толмаған ұзақ уақыт бойы сабаққа бармай, оқудан жалтарған жасөспірімдерді арнаулы мектепке орналастыруға комиссияның тиісті қаулысы шығып, істері сотқа жолданды. Сегіз ата-ана баланың тәрбиесі мен білім алуы бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы қаулы шығып, сотқа жіберілді. Төрт жасөспірімге тәртібін түзеу үшін сынақ мерзімі берілсе, үш ата-ана «Атырау облыстық наркологиялық диспансері бөліміне» 30 күн мерзімде ем қабылдауға жатқызылды. Сондай-ақ, комиссия мүшелері тарапынан оннан астам отбасы азық-түлік және киім кешекпен қамтылды,-деді қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Оның айуынша, жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап полиция есебінде тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығып отыр. Былтыр есепте 94 жайсыз отбасы тұрса, биыл бұл көрсеткіш азайып, 75 болған. Мұндай отбасылар айына кемінде екі рет полиция қыметкерлері мен комиссия мүшелерімен бірігіп тексеріліп, тұрғылықты мекенжайы бойынша профилактикалық сұхбат жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, «Қауіпсіз мектеп», «Түнгі қаладағы балалар», «Жанұя және бала» жедел профилактикалық іс шаралары өткізіліп келеді.

Сонымен қатар жиында оқушылардың жазғы каникул кезіндегі бос уақытын тиімді ұйыымдастыру бағыты да қамтылды. Биыл жазғы демалыспен 7-14 жас аралығындағы балалар қамтылады. Оның 135 402-сі жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың, мүгедек және мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушылары.

- Жазғы тынығуға 149 мектеп жанындағы тамақпен қамтитын және шипажай үлгісіндегі, үш қала сыртындағы лагер қарастырылып жатыр. Мектеп жанындағы тамақпен қамтитын және шипажай үлгісіндегі лагерлерде 8466 бала демалады деп жоспарланып отыр. Тамақтандыру лагерімен 65644 бала қамтылмақ. Үш қала сыртындағы лагерьге 2988 баланы қамту жспарланып отыр,- деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.

Жиын соңында көтерілген мәселелерге байланысты облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырма жүктеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521