"Халықаралық әйелдер күніне орай, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов бір топ ананы мерекемен құттықтады" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің лебізін жеткізген облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов Орынғали Қарасаев ағаның зайыбы Даметия әжеге, Илья Жақановтың жұбайы Тиыш анаға және ел анасы Жұмажан Далабайқызына гүл шоқтарын табыс етті.
" Әлемді әлдилеген құрметті аналар, сіздер барлық құрметке лайықсыздар. Тұнған тәрбиеге толы өмірлеріңіз кейінгі ұрпаққа өнеге" деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
Еске сала кетелік, 8 наурыз мерекесіне орай Атырауда ерекше құттықтаулар легі жалғасуда. Кеше Атырауда 43 ақжаулықты анаға " Полицейдің анасы" төсбелгісі тапсырылған болатын.