Атырау облысында екі бала суға батып кетті

Атырау облысында 3 жасар қыз бен 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 қыркүйекте Құрманғазы ауданында болған. Күндізгі сағат 13:28-де Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөліміне Шарон өзеніне 3 жасар қыз бен 6 жасар бала батып кеткені туралы хабар түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде балалардың үлкендердің қарауынсыз су айдынына келгенін анықтады.

«Жергілікті тұрғындар сағат 13:40-та 3 жасар қыздың денесін судан шығарды. Ал, сағат 16:07-де суға батып кеткен баланы іздестіруге жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен бірге 25 полицей мен жергілікті 70 тұрғын жұмылдырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 19:23-те 6 жасар баланың денесі табылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз