Атырау облысы әкімінің орынбасары су тасқыны болуы мүмкін "қауіпті аймақтарды" атады

ТЖ жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев журналистерге "үлкен" судың қайдан келетінін және қандай елді мекендер қауіпті аймақтарда тұрғанын айтты. 

- Жайық өзені бізге солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады. Қазіргі уақытта Бесікті, Алмалы, Береке елдімекедеріне су басу қаупі төніп тұр. Қазіргі уақытта аталған елдімекендерде екі қорғаныс желісін салу жұмыстары жүргізілуде, - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев. 

Айта кетейік, бүгінде Атырау мен оның маңында 58,5 шақырым бөгет тұрғызылған. Жағалауды нығайту жұмыстарына 820 бірлік техника, 2225 мемлекеттік қызметші және 3354 ерікті жұмылдырылды.

📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT