Атырау қаласында сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

Атырау гарнизонында жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өткізілді. 120 мерзімдік қызметтегі сарбаз туылған жерлеріне аттанды.

Жауынгерлерді әскери бөлімнен шығарып салу іс-шарасы салтанатты түрде жауынгерлік тумен қоштасу рәсімімен өтті. Бір жыл ішінде әскери қызметшілер әскери мамандықтарды игеріп, жауынгерлік дайындықта мол нәтижелерге қол жеткізді, іс жүзінде оқу-жаттығуларда жоғары жауынгерлік шеберліктерін көрсете алды.

- Қызмет еткен жыл ішінде біз нағыз батылдық пен өр мінезділіктің сынағынан өттік, өмірлік ұстанымдарымызды қайта қарастырдық. Бізді басқарған командирлерге алғыс айтамыз, әрқашан қасымыздан табылып, қолдау көрсетіп, ағалық ақылын қосып отырды», - деді ефрейтор Руслан Скобцов.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, үлгілі әскери тәртібі, жауынгерлік дайындықтағы жоғары көрсеткіштері үшін үйлеріне оралып жатқан әскери қызметшілер дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілерге тиісті әскери шеңдері берілді. Соңғы жылдары қалыптасқан дәстүр бойынша әскерге шақырылушылар соңғы рет «Мен қазақпын» әнін шырқап, саптық алаңмен жүріп өтті.

Айта кету керек, көптеген әскери қызметкерлер Қарулы Күштер қатарында қалып, келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыру ниетін білдірді.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT