Ұлттық Құрылтайда Президент Қ.Тоқаев ведомствалық марапаттарды ретке келтіру қажет екендігін, мемлекеттік органдар мұны назардан тыс қалдырғанын, соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып жатқанын сынға алған болатын. Осыған орай аудандық "Дендер" газетінің "Ел болам десең..." атты ашық пікір алаңының кезекті жиыны осы тақырыпқа арналады. Шынында да "Ұлт ұстазы", "Қазақстанның Құрметті азаматы" сияқты ақылы атақтар қаптап кетті. Сондықтан ой бөлісіп, елдік тұрғыда пікір айтам, ұсыныспен ат салысам деушілерге есік ашық, мархабат!
Атақ ардан қымбат па?...
Сіз қалай ойлайсыз?
Өтетін күні 16 мамыр 2025 жыл
Сағат: 14:30
"Дендер" газеті редакциясы