Ғасыр таяған әженің ақ тілегі

 

Индербор кентінің тұрғыны, "Алтын алқа" иегері Қымбат Өтепқалиева 1930 жылы дүниеге келген. Ғұмыр бойы Жамбыл атындағы совхозда қой бағып, қажырлы еңбек еткен. Одақ кезіндегі аталған совхоз қазіргі Жарсуат ауылдық округінде болғанын үлкендер жағы жақсы біледі.
Жолдасы Зинелғабиден Өтепқалиев 2000 жылы дүниеден озған. Ғасырға таяу жасаған әже 11 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде олардан немере, жиен, шөберелерінің қызығын көріп отыр.
Қазір 10-шы баласы Нәсіпқали мен келіні Жайнагүлдің қолында. Колледждің іргесіндегі үйі осындағы ✓113 учаскесіне тіркелген екен. Сайлау күні аталған учаскенің сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қайырғали Таудаевпен бірге сайлау жәшігін апардық. Сонымен қатар Қ. Таудаев әжейге сыйлығын ұсынды.
Әженің көзі шамалағанымен көкірегі сайрап тұр екен.
— Сайлауда дауыс беру азаматтық борышым ғой. Қазақ елін алға бастар Президентті таңдадым. Бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Сонда бәрі де болады ғой,- деп ақ тілегін арнады.
С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз