Астана күніне арналған әсем кеш

Индер аудандық орталық саябақта еліміздің бас қаласы Астананың туған күніне арналған "Ұлтымыздың рухани ордасы - Елорда" атты әсем кеш өтті.

Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуова сөз алып, жерлестерін аудан әкімі М.Қалауидың атынан құттықтай келе, еңбегімен еленген жандарды марапаттады.

zhaneseev

Өткен жылы індетпен күрес кезінде қиындыққа тап болған жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғам белсендісі бола білген елтайлық азамат Қуат Жанесеев Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық алғысы» медалімен марапатталса, «Ақтау Битумы» ЖШС-нің техникалық бөлімінің басшысы Нұрғали Бөкенбай, «Жасыл аймақ» ЖШС-нің бригадирі Нұржан Мұфтахұлы облыс, ИСИГипсИндер» автомобильді жөндеу Марсель Шатаев, Индер аудандық пошта торабының операторы Аққалжан Сапарова аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді.

 

Марапаттар легін жалғаған аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров та құттықтау тілегін жолдап, «Қазақтелеком» АҚ батыс өңілік телекоммуникация дирекциясы индер стансасының электр-механигі Әлия Демеуова, «Атырау-Жарық»АҚ Индер аудандық электр жүйелерінің есепшісі Наталья Васильева, Индер газ тарату шаруашылығының диспечері Асан Иманов, «Индер-Су» ШЖҚ КМК-ның су тазалау қондырғыларының машинисті Айман Мустафинаға мәслихаттың Алғыс хатын табыстады.

maslikhat

Кеш соңы аудандық өнерпаздарымыздың әсем әні мен мың бұралған биі бар тамаша тартуымен мереке қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлады.

ttt

bi

 

«Дендер-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521