«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Индер аудандық мәслихат депутаттары Аққала ауылында болып, тыл еңбеккері Жонқарбаев Жұмагерей Жонқарбайұлының шаңырағына барып Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтады.
Ардагерімізге тәуелсіз еліміздің жаңа жетістіктеріне куә бола беруіне тілектес екенімізді жеткізді.
Тыл еңбеккері Жонқарбаев Жұмагерей атамыз қазір 90 жаста. Атамыз Степан Разин холхозында, кейін Амангелді совхозында еңбек еткен және ертеректе ауданда салынған құрлыс нысандарында өзіндік қол таңбасы бар екендігін де айтып өтті.
Ардагеріміз әр түрлі наградалармен, медальдармен марапатталған.