Қараусыз қалған бала қылмыскер атанады

Индер ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды. Отырыста ұрлық жасаған жасөспірімдердің ісі туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Батырбек Қайыржанов баяндады. Онда кәмелет жасқа толмаған үш жасөспірімнің балалықпен шалалық жасағаны анық байқалды.

Себебі, комиссия отырысына шақыртылған ата-аналар балаларының мұндай әрекетке бірінші рет баруы және осындай істерін бұрындары көрмегендігі жайында айтты. Әрине, солай да болар, бірақ ата-ана баласының әр ісін мұқият қадағалап, бөтеннің мүлкіне қолсұғуға болмайтындығын, оның қылмыс екендігін түсіндіріп отыруы керек-ақ.

Жиын соңында комиссия төрағасы Гүлнұр Жалғасқызы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жат әдетқылықтардан аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жалпы кәмелетке жасы толмағандардың болашақта қоғамның белді азаматы болуы үшін, құқықтық сананы үнемі жетілдіріп отыруы керек екені айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар жасөспірімдердің тағдырына талғампаздықпен қарауына әрбір ата-ананың ықпалы зор. Өйткені, ата-ана тарапынан қадағалаудың басымдығы бала бойындағы жат әрекеттерге деген көзқарасты азайтар еді.

Диас АЙБАРОВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521