Анаргүл – « Полиция аруы – 2019»

Жақында Атырау облысы Полиция Департаментінің ұйымдастыруымен Ішкі істер органдарындағы әйел қызметкерлерінің жан-жақсы өнерлерін ашу, олардың қоғамда алатын орынын көрсету, қызмет бабында өз ісіне жетік, алғыр қыздардың бар екендігін дәлелдеу мақсатында «Полиция аруы – 2019» байқауы өткізілді.

Конкурсқа қала және аудандық бөлімдерден барлығы 9 қатысушы өзара сынға түсіп, бақ сынады. Конкурстың шарттары бойынша қарсыластарын қапыда қалдырған, аудан намысын арқалаған аудандық полиция бөлімінің инспекторы, аға лейтенанты Анаргүл Жұбатқанова «Полиция аруы-2019» байқауының Гран-при иегері атанды.

Сайыс барысында Анаргүл Серікқызы атыс қаруынан - тапаншадан ату кезінде максималды балл жинаған. Айта кетейік, бұл салада 2015 жылдан бастап қызмет ететін ол қазір үш баланың анасы. Құттықтаймыз.

Жадра Нариманқызы,

штаттан тыс тілші.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз