Аналарға құрмет көрсетілді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ардақты ана, батыр ана, ер ана» атты салтанатты шара өткізілді. Мерекелік шараның шымылдығын Нағим Сатимов, Мұратбек Жұмашев, Тимур Нұрмағанбетов, Нұрлан Сағынов, Олжас Аққалиев, Сабыржан Қабдолов, Нұрсұлтан Бұқар, Нұрлыбек Қабдрахманов «Ана туралы әндерден попурри» орындап ашып, гүл шоқтарын аналарға ұсынды.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-аналардың құрметіне ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Дарын Шамұратов құттықтау тілегін жеткізді.

Одан соң,  "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иелерін наградтады және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген аруларға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Мерекелік шараға Қазақстанның эстрада жұлдызы Жандос Қаржаубай шақырылып, әннен шашу шашса,  аудан өнерпаздары да өз өнерлерін ортаға салып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз