ӘКЕСІ КӨЛІК ЖУАТЫН ОРЫН СЫЙЛАДЫ

Ұрпағын еңбекке баулимен дегеннің қолына қармақ ұстату туралы тәмсілді жуырда индерборлық азамат, қарапайым еңбеккер Ерболат Шәмшенов шаңырақтағы кенжесі Парасатқа көлік жуу орталығын ашып беріп, нақты іспен көрсетті.

Онысын:-Анасы екеуіміз ақылдасып, баламыздың мамандығы бойынша алыс жақта ауысыммен жұмыс істегенін, болмаса жолаушы тасып үнемі жол үстінде жүргенінен гөрі, әрдайым отбасында немерелеріміздің жанында болып, әрі тұрақты бір қызмет орынын ашып, азды-көпті табыс тапқанын, қысқасы белгілі еңбекпен айналысқанын қалаған жайымыз бар. Басқасын келешегі көрсетер. Әр қазаққа да маңыздысы отбасы құндылығын сақтау маңыздырақ қой,-деді тұсаукесер сәтте әкесі өз ұйғарымының сырын ашып.

Жастарға ақыл айтып, бата бергеннен, жоғары білім алуына жолашып, сырттай қолдап жүргеннен бір кезек осылайша нақты іспен көмектескендері пайдалы екендігін лентаны кескен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев, "Нұр Отан" партиясы аудандық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Мырзабак Тасыбаев, көршілері, достары да ашып айтып, тілектерін қосты.

gre

Өзі де кәсіпкер Роза Сәнжанқызы болса тәжірибесімен бөлісіп, шашу шашып, игі тілегін ортаға салды. Бүгінде жеңіл көліктердің неше түрі ағылған ауданда оларға қызмет көрсететін орындардың да осылайша қатары көбейіп, бағалары қолжетімді болғаны жақсы. Сондықтан да жаңадан ашылған, жап-жарық әрі жүргізушілерге арналған демалыс бөлмесі де бар Парасат Ерболатұлының "777" көлік жуу орнына келетіндер қатары көп бола түседі деген сенімдеміз.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз