Ауданда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлы эфирлік телевизияға көшу өткен жылдан бері қолға алынған болатын. Осыған дейін халық 4-5 телеарнаны ғана көрген болса, цифрлы эфирлік хабар тарату бағдарламасын іске асыру барысында саны артып 15 (кейін қайтара қосқанда 11) телерананы тегін тамашалауға мүмкіндік алды.
Жағымды жаңалыққа жаны жақын халық оны да жақсы қабылдады. Ол 2014 жылдан бергі жаңа телеарналарда тікелей көрсетілетін болса, кейбірі сауда орындарынан арнайы құрылғыны сатып алып, қолжеткізіп келеді.
Бір әттеген-айы осы телеарнаның қайта-қайта айрылып қалуы көптің көкейіне сұрақ туғызып отыр. Бұл телеарна 2018 жылы іске қосылып 4 ай көлемінде жұмыс жасап, айрылып, 2019 жылдың желтоқсан айында қайта қосылғанымен кешеден бері тағы да тоқтатылды. Ол жөнінде Индер транс станциялық цех басшысы Самат Қабдолов өткен жолы бұл тестілік жүргізуден өткізіліп жатқандығын айтса, кеше айыруға жоғарыдан тапсырма келгендігін жеткізген болатын.
Ал Атырау облыстық «Казтелерадио» АҚ филиалы басшысы Сабиров Арон Амангелдіұлы:
- Атырау облысы бойынша 45 станция бар, мемлекеттік бағдарлама бойынша 17-сіне цифрлық телевизияны қосу міндеттелген болса біз қазіргі таңда солардың 7-еуін іске қосып, сынақтан өткізіп жатырмыз. Әлі де ақаулар кездесіп тұр. Оны жоғары жаққа ескерттік. Сол себепті барлығын тоқтатуға мәжбүр болдық, оны халық түсіністікпен қабылдайды деп ойлаймыз. Мәселе шешілісімен қосылатын болады - дейді.
Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Индер ауданы