Айбын мен Гүлхан ЛАУРЕАТ атанды

М.Әуезов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Айбын Өтеміс пен Бөдене орта мектебінің оқушысы Гүлхан Нығметоллаға Қазақстан Республикасы Атырау облысы «Талант» шығармашылық Академиясының «Талант» сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасындағы «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңінде Гүлхан Нығметолла «Ұлы арман» бөлімі бойынша жүлделі І орын, ал Айбын Өтеміс «Ел құтқарар ер едім» мәнерлеп оқу бағамы бойынша І орын иегері атанып, жарыс қорытындысында ақын Қойшығұл Жылқышиев «Талант» сыйлығының медалін табыстаған болатын.
Айбын мен Гүлхан да осы уақытқа дейін түрлі деңгейдегі жарыстардың, байқаулардың жеңімпаздары. Гүлхан Нығметолла V-ші Республикалық «Жарық жұлдыз», «Ғасырлар үні» атты балалар мен жасөспірімдер арсындағы өнер байқауында байқауында Бас жүлде иеленсе, «Шырқал ән, төгіл терме көмекейден..!» атты аудандық дәстүрлі әншілер байқауында I-ші орынға ие болған. Сол секілді Айбын Өтеміс те аудандық, облыстық Әбіш оқуларының «Мәнерлеп оқу» бағамы бойынша І орын, «Әл-Фараби» Республикалық білім академиясының ұйымдастыруымен өткен ұлы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына орай Республикалық «Абай жолы» атты жас көркемсөз оқушылар арасында ІІ орын, «Ұлы жеңіске тағзым» атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Бас жүлде иеленіп, жас та болса талантымен танылып жүрген жастың бірі.
Осы орайда, қос таланттың жетекшілері Гүлбаршын Сариева мен Айнұр Турекешованың еңбегі орасан зор екендігін айта кеткен жөн.
Ал, күні кеше ғана Атыраудан куәліктері де келіп, марапатты мектеп директорлары оқушыларға табыстап, шығармашылық жетістікке жетулеріне тілегін білдірді.
Марапат иегерлерінің бірі Гүлхан Нығметолла бұл мен үшін күтпеген сый болды дейді.
– «Махамбет оқулары» байқауында «Әй, Махамбет, жолдасым» термесін орындаған болатынмын. Жалпы дәстүрлі әнге 2019 жылдан бастап қатысып келемін. Алайда, "Талант" сыйлығына ие боламын деп ойламадым. Алдағы уақытта дәстүрлі ән саласында өзімді жетілдіріп, үлкен сахналарда Сәуле Жанпейісова, Айгүл Елшібаева секілді әншілермен өнер көрсеткім келеді, - деді бізбен әңгімесінде.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521