Ақтаулықтар түтінге тұншығып отыр

Индербордың орталығындағы қоқыс толы шұңқырдың жоғары жағындағы шағын ауыл Ақтау көшесі аталады. Бірақ ол 4 көшеден тұрады.

Оған баратын тегіс жол жоқ, сол себепті көлік те бара бермейді. Оған трактормен болса да бір сүрлеу салып беруді сұраған болатынбыз. Ал оның тазалығы туралы мен бірнеше жыл қатарынан газетке мақала жазып, басшыларға да бардым. Әзірше өзгеріс байқалар емес.

Өткен сенбілікте біраз жері тазаланып, қоқыстары шығарылды, шұңқырға итеріліп, көмілді. Біз сол маңда тұратын тұрғындардың арасынан 3-4-еуіміз бірігіп, кейде жетпей төгілген қоқысты тегістеп жүреміз. Біразымен араздасып та жүрміз. Өйткені, шұңқырдағы қоқысты, жетпей төгілгені үнемі өртеліп жіберіледі. Оның түтінін біз, бала-немерелеріміз жұтады.

Өткенде санитарлық дәрігер Шолпан Ержанова көптеген бруцеллез сияқты аурулар осындай тазалық болмаған жерден шығады деп те айтқаны бар. Шындығы да сол емес пе?! Тазалық болмаған жерге түрлі ауру үйір ғой.

Сондықтан да үнемі орталық көшелерде жүретін тазалықшыларды осы Ақтау көшесі шұңқырының маңына қойса дұрысырақ болмай ма?! Соңында Ақтаудағы 4 көшенің қоқысын шығаруға жауапты тазалықшы трактор да кесте бойынша келгенімен бір көшемен ғана өте шығады. Сонда қалғандары не істемекші?

Нұржамал ҚУАНОВА,

Ақтау көшесінің тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз