Аққала ажарланып келеді

  • Аққала ауылында өткен жиында аудан әкімі Д.Шамұратов ел көтерген мәселелердің орындалысы жөнінде есеп берді.
  •  Атап айтсақ, ауылға жаңадан жазғы су желісін жүргізу көптен бері кешеуілдеп келеді. 2019 жылы жалпы құны 22 млн.теңгені құрайтын сметалық құжаттамасы жасақталғанмен, қаржы бөлінбеген соң жұмыс та жүрмеген. Биыл наурыз айында жалпы 76 млн.теңгені құрайтын (материалдардың қымбаттауына байланысты) сметалық құжаттамасы қайта жасақталынып, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына қаржыға сұранысы беріліпті. Бөлінген қаржы тағы жоқ.
  • Көше жарығын заманауи LED шамда[1]рына ауыстыруға келсек, күні бүгінге соның 35-і қондырылыпты. Оның ішінде істен шыққандары да жоқ емес.
  • Мұнда мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу де өзектілігін жоймаған мәселенің бірі.
  • Жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін қажетті 1 млн.700 мың (100 мың теңге техникалық зерттеу жұмыстарына, 1 млн 600 жсқ-ға) теңге қаржыға сұраныс ағымдағы жылдың мамыр айында берілді. Қаржы бөлінген жоқ. 2023 жылы жобалық сметалық құжатын жасақтауға қайта сұраныс берілетін болады.
  • Жалпы, соңғы рет аталған мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілді,-деген округ әкімі Кусанов көшесіндегі үйлерге электр желісінің қуатын көбейту үшін қосымша 1 баған орнатылып, 130 метр кабель сымдары жүргізіліп, нәтижесінде электр қуаты қалпына келтірілгенін жеткізді.
  • Ал, 90 орындық балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайын екен. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Жоба құны 558 млн. 669 мың теңгеге бағаланып отырғанын да айта кетейік.
  • whatsapp-image-2022-11-04-at-11_32_15
  • Кездесуде Боранбай Қамиұлы «Нефтэк» жанар-жағармай құю бекеті осы жерден құрылысына топырақ алғанын, басқа да мекемелер барын, солар демеушілікпен балабақша салып берсе дей келе жазғы су жүйесін де жөндеу қажеттігін айтты. Мәдениет қызметкері К.Ізімов Аққала Орал жақтан кіретін қақпа болғандықтан, көрнекі маңдайша орнатылуын, ауылда мешіт салынып жатқанмен дін мәселесіне қатты көңіл бөлу қажет екендігін көтерді. Сондай-ақ тұрғын М.Қосжанов: – Отансүйгіштікті дәріптейтін идеология кенжелеп бара жатыр. Білсін, білмесін, оранып жүргендер көбейіп кетті. Дәстүрге жат тәрізді. Бүйте берсе, ертең не боламыз? Неге мектепте сабақ әнұран тыңдаумен басталмайды, – деп көкейтесті орынды мәселені көтерді. Ал мектеп директоры Н.Құспанов аптаның бес күнінде тәрбие сағаты өтетінін, бірінші күні әнұран орындалатынын, мектепте дін жолына түскен оқушылар жоқ екенін, Есқалиев көшесіне жарық толық жетсе деген ойымен бөлісті. Сондай-ақ, тұрғындар ауыз су тарифі, жазғы су жай берілетінін қаперге берді.
  • whatsapp-image-2022-11-04-at-11_32_151
  • Қойылған сауалдарға орай аудан басшысы жауап беріп, негізгі мәселелер қаперде болатынын, халықтың әл-аухатын жақсарту үшін жұмыстана беретінін айтып жеткізді. Кездесуден соң көше бағаналары мен екі қабатты ескі үйді аралап көрді.
  • Ж.ИСЛАМҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521