Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыруда аудандағы жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайыздан 3 пайызға дейін азайту бағытындағы міндеттердің орындалуы жөнінде өткен мәжілісте аудан әкімі М.Қалауи көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің жұмысына сын айтты.
- Ондағы студенттерден өздері маманданып жатқан салаларына қарай сұрағанда жоңышқаның не екенін, басқасында білмейді. Бүгінгі заман талабына сай мамандықтармен қамтамасыз ете алмаса, аспазшы даярлаудан әрі аспаса жылына 400-500 млн теңгені не үшін бөліп отырмыз. Сексенінші жылдардағы трактордың оқулығы әлі жүр. Мұны мен қадағалауға аламын, - деп аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа жедел зерделеуді, қажетті маман даярлау жағын ұйымдастыруды тапсырды.
«Дендер»- Ақпарат
Сурет: ашықдереккөзден алынды.