Жуырда ауданның құрылғанына 90 жыл және 10 маусымда атап өтілетін кәсіптік одақтар күніне арналып, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері одағының аудандық комитеті білім саласы қызметкерлерінің волейболдан ашық турнирін ұйымдастырды.
Оған аудан мектептері мұғалімдері мен қызметкерлерінен тұратын бірнеше команда қатысып, арнайы жүлдені сарапқа салды. Сала қызметкерлері үшін сын болған бұл тартысты ойындарда Индер көп бейінді колледж командасы ұйымшылдық пен шеберлік танытып, бас жүлдені жеңіп алды. Одан кейінгі жүлделі орындарға Махамбет және Жамбыл атындағы орта мектеп мұғалімдерінің командалары көтерілді.
Жарыстың жекелей үздіктері арасында «Көктем», Б.Нысанбаев, С.Сейфуллин атындағы орта мектептер командаларының мүшелері А.Есалиева, С.Асқаров, Е. Өмірбеков танылды. Оларға жарысты қорытындылаған салалық комитет төрағасы Қ.Ахметова арнайы сыйлықтар табыстады.
С.БИСЕНОВ.