Ресейдің Ульяновск қаласы пролетариаттар көсемі В.И.Лениннің туған қаласы екенін үлкендер жағы жақсы біледі.
Кезінде, Кеңес үкіметін орнатқан тұлғаның туған қаласына бару талай балаға арман болса бүгінде индерлік палуандар жарысқа барып жүлделі оралып жүр. Бұл екі дүркін Әлем және Еуропа чемпионы, Ресей федерациясының еңбегі сіңген спорт шебері Шәміл Садриновты еске алуға арналған Х халықаралық турнир болатын.
Аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаевтан білгеніміздей, индерліктер арасынан 48 келіде Сансызбай Жалғас күміс медальды, 52 келіде Сәттіғұл Арафат қола жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар индерлік Ораз Әбілмансур мен Саятхан Саниевтың да мүмкіндіктері болғанмен қола жүлде үшін болған белдесулерде қарсыластарына жол беріп алыпты. Жалпы жоғары деңгейлі жарыста шәкірттеріміз шеберліктерін танытыпты.
Саламат Б.