Талдықорғанда топ жарды

Талдықорған қаласында 4 жылда бір рет өткізілетін республикалық ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары өтуде.

Оған қатысып жатқан аудан құрамасының мүшелері алғашқы жеңістерімен қуантып үлгерді. Дәлірек айтқанда еркін күрестен ҚР спорт шеберіне үміткер, Индер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, Бөдене ауылының жас палуаны Сержан Құттыбекұлы қола жүлдені қанжығаға байлады.

  Сержан жастайынан   облыстық, республикалық жарыстарда ауданымыз бен облысымыздың намысын абыройлы қорғап жүрген жасөспірімдердің бірі.

img-20220729-wa0088

Жас палуанның осындай биік белестерден көрінуінде бапкері  Нұрбек Амановтың еңбегі зор екенін атап өткеніміз жөн. Айта кетейік, жарыс ертең мәресіне жетеді.

Тілектес Салауатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521