Көршілес облыстың Ақжайық ауданының жасөспірімдер арасында самбодан ашық біріншілігі Тайпақ ауылында өтті.
Индерлік самбошылар арасынан Мәлік Асылхан, Дамир Максимов, Нұрберген Бакитов, Әділ Дамир өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар индерліктер 3 күміс, 5 қола жүлденің де иегерлері атанды.
- Аталған жарысқа аудандық балалар спорт мектебінің самбо бөлімінің бапкері Азат Шайхановтың самбошылары және біздің дзюдо бөлімінің шәкірттері де белдесіп, шеберлік шыңдап қайтты, - дейді аталмыш спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев.
Саламат Б.