Сырбаз жеңісімен дәлелдеді

Әлемнің және Азия құрлығы чемпионаттарының жүлдегері, мақтанышымыз палуан Сырбаз Талғат Қазақстанда өзінің қатарластары арасында 1-ші нөмер екенін тағы да дәлелдеді.

Ол күні кеше Ақмола облысы Степногорск қаласында жастар арасында еркін күрестен өткен Қазақстан чемпионатында 65 келіде бас жүлдені жеңіп алды.

Аталмыш жарысқа куә болған аудандық балалар спорт мектебінің директоры, еркін күрес бөлімінің бапкері Мәлік Биғамбаевтың айтуынша, Сырбаз палуан финалға дейін қарсыластарын еркін еңсерді.

Жеңімпаз жерлесімізбен қатар 70 келіде Айдын Тәжіғали мен 92 келіде Әділет Қалтаев облыс командасының қоржынына қос алтын медальді салып, нәтижесінде Атырау облысы командасы командалық 1 орынды жеңіп алды. Бұйырса, жарыс жеңімпаздары алда Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қатысады екен.

Облыс құрамында индерлік тағы да екі палуан белдескенін аудандық балалар спорт мектебінің аға бапкері Салауат Қыраубаев атап өтті.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT