Дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың іріктеу жарысы мәресіне жетті.
Әсіресе, индерлік қыздар ерлеп, 44 келіде Дилнура Мутиғоллаева 1 орынды жеңіп алды.
-Жеңімпаз танылған шәкіртім Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Айтулы жарысқа дейін облыс орталығында өтетін оқу-жаттығу жиындарында шеберлігін шыңдайтын болады, - дейді жеңімпаздың бапкері, аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің бапкері Әділбек Құтқожин.
Сондай-ақ аталмыш жарыста индерліктерден Аружан Ерланқызы, Анель Борисова, Аружан Орынбаева және Өрліктен Шұғыла Шамұрат қола жүлденің иегерлері атанды.
САЛАМАТ Б.