ШҰБАРҚҰДЫҚТЫ «ШУЛАТТЫ»

Еркін күрестен 17 жасқа дейінгі палуандар ара сында Қазақстан Республикасының кубогі мәресіне жетті. Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентінде өткен бұл додада Атырау облысы командалық есепте 3 орынға қол жеткізді. Ал біздің аудан үшін қуаныштысы – облыс ко мандасы сапында Сансызбай Жалғас (110 кг) пен Қойшыбай Бекнұр (60 кг) күміс жүлдені, Өрбісін Жанарыс (45 кг) қола жүлдені жеңіп алғаны. -Ауданда тәрбиеленген шәкірттеріміз облыс орталығында шеберліктерін шыңдап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Бүгінде Қойшыбай Бекнұр мен Сансызбай Жалғас облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатын тәмамдап, енді жоғары оқу орнына талаптануда, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521