Қостанайдан қола бұйырды

Қостанай қаласында жауынгерлік жекпе-жектен жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Әрбір облыстың мықтылары жиналған бәсекеде индерлік спортшылар да сайысқа түсті. Әсіресе, жерлесіміз Ернар Сағынтаев 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасынан қола жүлдені жеңіп алды. Ол «Индер жекпе-жек» клубының бапкері Абылай Даутовтың шәкірті, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы.

- Ернардан басқа да шәкірттерім осы жоғары дәрежедегі сайысқа түсуге мүмкіндік алды. Олар алғашқы қарсыластарын жеңгенімен, жартылай финалға өтер сыннан сүрінді. Шәкірттерімнің жекпе-жекпен айналысқанына көп болмаса да, аяқ алысы көңілімнен шықты. Алдағы жаттығуларда жіберілген қателіктермен жұмыс жасап, шеберліктерін шыңдай беретін боламыз. Бастысы шәкірттерімнің жеңіске деген жігері қуантты, - деді «Индер жекпе-жек» клубының бапкері Абылай Даутовты сөзге тартқанымызда.

Жекпе-жек додасында Атырау облысы 2 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен командалық есепте алғашқы бестіктен орын алды. Бапкер бұл жарысқа шығуға қолдау білдірген жергілікті клубтың президенті Р.Арыстанов, облыстың бас бапкері А.Батырғалиев және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Р.Ибрагимовке алғысын білдіреді.

Әттеген-айы, бапкер А.Даутовтың өзі бұл қызметте жалақысыз жұмыс жасауда екен. Оның кезінде аталмыш спорт түрінен ауданның намысын талай байрақты бәсекелерде лайықты қорғаған, әрі жоғары білімді маман екендігін айта кетейік.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521