Жоғары оқу орындарының студенттері арасында Х жазғы Универсиада биыл Ақтөбе қаласында мәресіне жетті.
Бұл додада индерлік палуандарда сынға түсіп, жеңіске жеткенін аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев хабарлады.
-Универсиадаға 19 команда, барлығы 200-ге жуық дзю- дошы татами төрінде белдесулерін өткізді. Атырау облысы намысын қорғаған Саида Қапсалықова мен Майдан Батанов қола жүлдені жеңіп алса, Батыс Қазақстан облысы атынан қатысқан келесі шәкіртіміз Қазбек Жолдасқалиев те осындай межеден көрініп, қуанышқа кенелтіп отыр, - дейді бапкер Н.Нұрашев.
Саламат БАЗАРБАЕВ