Палуандар Чапаевтан жүлделі оралды

Көршілес облыстың Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылындағы күрес бәсекесінен индерлік балғын палуандар табысты оралды.

Аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаевтың айтуынша, жарысқа еліміздің басты қалаларымен бірге Ресейге қарасты Дағыстан, Астрахан, Уляновск, Самара қаларынан барлығы 20-ға жуық команда мен 400-ге таман палуан жиылған екен. Аламан додада палуандарымыздың арасынан Нұрберген Амандықұлы (Есбол), Бірлік Алмасұлы (Бөдене), Нығметолла Арыстан (Бөдене), Серікқали Бекзат (Көктоғай) жеңімпаз атанды. Марат Темірхан (Индер) күміс және Төремұрат Әмір (Елтай) мен Самат Бекзат, Ораз Әбілмансұр (бәрі Индерден) қола жүлдені жеңіп алды.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT