Оралдан – қос алтын

Әз наурыз мерекесіне орай көршілес Батыс Қазақстан облысының дзюдодан ашық біріншілігіне индерлік дзюдошылар да күш сынасып қайтты.

Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері Асқар Бәкенов бастап барған жас дзюдошылардың арасында 50 келіде Әлішер Амантаев пен 42 келіде Роллан Русланов чемпион атанды.

-Роллан бұған дейін талай жүлдені алып жүрген тәжірибелі палуан болса, Әлішер  үлкен додаларға енді қосылуы еді. Жас шәкіртіміз үмітті ақтады. Татами төрінде мықты деген талай дзюдошыдан басым түсті. Аяқ алысы көңілімнен шықты, болашағынан мол үміт күттіретін палуан деп білемін, - дейді  Асқар Бәкенов риза болып.

Б.САЛАМАТ.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT