Индерлік Роллан - қола жүлдегер

Семейде   спорттық және жауынгерлік самбодан жігіттер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жекпе-жек өнерінің спорттық түрі Кеңестік кезеңде кеңінен қолданғаны белгілі. Ал  жауынгерлік түрін құқық қорғау органдары арасында ғана  тәлім етіліп, бейбіт тұрғындарға тарату тыйым салынған еді. Соңғы жылдары жекпе-жектің бұл түрі де көпшілік арасына кеңінен тарауда. Семейдегі  чемпионатта нақ осы жауынгерлік өнерден индерлік  Роллан Русланов 53 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

-Роллан жасынан дзюдомен шұғылданып өскен үздік шәкірттерімнің бірі. Қазір ол Атырау қаласында облыс аға бапкері Асланбек Азимовтың қол астында жаттығуда. Шәкіртім жақында Таразда жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жүлдегер танылса, енді міне ересектер додасында да облыс намысын лайықты қорғап отыр, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің бапкері Нариман Нұрашев.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521