Нұрберген АСА111 турнирінде жеңіске жетті.
Бүгін Ресей астанасы Мәскеу қаласында АСА111 кәсіпқой жекпе-жек кеші өтті. Атыраулық спортшы Нұрберген Шарипов ресейлік Тамерлан Кулаевті төрешілер шешімімен, айқын басымдылықпен ұтты.
Айта кету керек, ресейлік спортшы кәсіби мансабында осыған дейін 12 кездесу өткізіп, оның 11-інде жеңіске жеткен. Ал өз кезегінде бұл Нұрбергеннің 10-шы жеңісі.