Федерацияны тізгіндеді

Облыстық «AIGA грепплинг» федерациясының президенті болып Аймұратов Әлібек Саламатұлы тағайындалды.

«Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында өткен брифингте жаңа басшыны Қазақстанның панкратион, грепплинг және ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев тағайындап, сәттілік тіледі.

ajmuratov

Әлібек Саламатұлы Индербордағы М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі. Атырауда агроколледжде, кейін Оралда Батыс-Қазақстан инженерлік гуманитарлық университеті және Жәңгір хан атындағы аграрлық техникалық университетін тәмамдаған. Бұған дейін қалалық халыққа қызмет көрсету орталығында басшы болса, қазір облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қызмет етеді.

Аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінде шыңдалған ол қазір мемлекеттік қызметпен қатар өзінің сүйікті ісі спорт өнерін өркендетуге атсалысып жүр. Бұған дейін облыстық «Жекпе-жек» Ұлттық спорт федерациясының президенті қызметін атқарған кезде аралас жекпе-жектен ауданда облыстық жарыс ұйымдастыруға ұйытқы болды. Қазіргі жаңа қызметімен қатар республикалық «Жекпе-жек» Ұлттық спорт федерацияның вице-президентін қоса атқарады.

greppling

-Елге тараған індеттен аман болсақ, бұл спорт түрін дамытуда үлкен жоспарымыз бар. Мысалы, AIGA грипплинг спорты жақсы дамыған шетелдерден бапкерлерді шақырып, Атырауда семинарлар ұйымдастыру, бапкерлерді дайындауды қолға алмақпыз. Чемпиондық бәсекелерді де Атырауда өткізу жоспарда бар. Болашақта Индерден де бөлім ашқымыз келеді,-деді аталмыш облыстық федерация президенті Әлібек Саламатұлын сөзге тартқанымызда.

Ендеше, жерлесіміздің жаңа бастамасына сәттілік тілейміз.

САЛАМАТ Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521