«Елтай барысы» анықталды

Жақында Елтай ауылының жастары мен мәдениет үйінің қызметкерлері мәдениет үйінің алаңына жиналған жерлестеріне керемет мәдени-спорттық шарасын тарту етіп, жақсы көңіл күй сыйлады.

Мұнда балаларға жеке кәсіпкер Қуат Жанесиев тәтті мақта мен қуырылған жүгеріні тегін сыйға тартып, батуттарға емін-еркін ойнауға жағдай жасады. Бұл жөнінде зейнеткер-ұстаз Сатыбалды Уәлиев: «Ауыл жастарының басын босып үлкен кеш сыйлағаны үшін Қуат ініме ағалық алғысым мол. Сөз жоқ, ауыл жастарының ұйымшыл екендігі бізді қуантады. Мұндай көңілді жиі ұйымдастырылса екен»,-дейді марқайып.

Сондай-ақ мереке кезінде спорттық шаралардың да легі басталып кетті. Мәселен қазақша күрестен ұйымдастырылған «Елтай барысы» спортына ауылдың сайдың тасындай, іріктелген жас жігіттер қатысты. Оларға ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушысы Мейрамгүл Мәдиқызы сәттілік тіледі.

Жауырынын жерге тигізгісі келмеген балуандардың сайысы тартысқа толы болды. Бір-біріне тегеурінді қарсыластар болып, боз кілемде алапат айқас жасап, әбжіл тәсілдерімен көрермендерді тамсандырды. Жарыс қорытындысы бойынша «Елтай барысы» деп Айбат Бақтияров атанды. Ал күміс жүлдені Елдос Ихсанов иемденсе, қола жүлде Еламан Мақсотқа бұйырды. Осылайша, боз кілемнің үстінде атой салған кіл мықтылар бәсекесін тамашалаған жұртшылық ерекше әсерге бөленді. Сонымен қатар ләңкі тебуден, кіші аяқ доптан ауыл жастары арасында, ал мектеп оқушылары арасында арқан тартыстан тартысты ойындар өткізіліп жеңіске жеткендерге ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпаттар таратылды.

 

Д.АЙБАР.

Елтай ауылы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика