Атырау қаласында 2004-2006 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат аяқталды.
Индерлік балғын палуандар арасынан Ізбасар Жанболатов (Елтай), Ерасыл Ерғанашев (Жарсуат), Сержан Құттыбекұлы (Бөдене), Бекболат Жексенғалиев (Индер) жеңімпаз атанды.
- Облыс чемпионы атанған палуандарымыз сәуір айында Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Сонымен қатар басқа да палуандарымыз осы жарыста 2 күміс, 7 қола медальға ие болды, - дейді ауданның еркін күрестен аға бапкері Салауат Қыраубаев.
Б.САЛАМАТ.