Аудандық сайыс өз мәресіне жетті

Бүгін Индер ауданының спорт кешенінде «Дендер» газеті редакциясы және спорт мектебінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің 20 жылдығына орай, әрі «Ақ бидай» облыстық жарысқа іріктеу мақсатында тоғызқұмалақтан аудандық біріншілік өтті.

Сайысқа әр саланың ұлттық ойыннан хабары бар мамандарымен қоса, оның майын ішкен, үнемі облыстық, республикалық жарыстардан жүлдегер атанып жүрген жерлестеріміз де қатысты. Шара барысында аудандық газеттің сайтқа жауапты веб-редакторы Ақмарал Бокирова сөз алып, бүгінгі жарыстың мақсатына тоқтала келе, қатысушыларды мерейтоймен бас редактор Жанай Амантурлиннің атынан құттықтап, сәттілік тіледі.

Ал тартысты өткен шараның бірінші турынан аққалалық апалы-сіңілі Құсайыновалар мен «Көктем» қазақ орта мектебінің мұғалімі М.Тұңғатов, редакция атынан қатысқан А.Төлегенқызы өтіп, кезекті финалда жүлделі орындарға таласты.

Сондай-ақ, сайыс қорытындысында Арайлым Құсайынова бас жүлдені иеленсе, Қарлығаш Құсайынова екінші, Марсель Тұңғатов үшінші орынды қанағат тұтты. Жүлдегерлерді құттықтаған спорт бөлімінің басшысы Нұржан Бисенбаев оларға диплом, медаль, кубоктар табыстап, облыстық жарысқа жолдама берді.

Атырау қаласында Индер намысын қорғайтын жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

zhulde-togyz

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521