«Атыраудың» жартылай қорғаушысы

«Атырау» футбол клубы келесі жылы Қазақстанның премьер-лигасына қатысу құқығын жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантып отыр.

Биылғы маусымды бірінші лигада өткізуге мәжбүр болған атыраулықтар аталмыш лиганың ІІ конференцияда 10 кездесудің сегізінде жеңіске жетіп, екі ойынды тең аяқтаған болатын.

Ал біз үшін қуаныштысы «Атырау» командасының U-21 резервінде Индер футболының түлегі, жерлесіміз Борисов Эльдар Елдосұлы №89 нөмірмен жартылай қорғаушы позициясында табысты өнер көрсетуде.

Айта кетейік, олардың құрдастары 1999 жылғы атыраулықтар бұған дейін Қазақстан чемпионы болған еді. Соңғы бірнеше жылдан бері «Атырау» футбол командасының резервінде шеберлігін шыңдап жүрген Эльдар Елдосұлының жиырмадан жаңа асып жатқан дер шағы. Бұйырса, премьер-лигадағы шеберлер ойынында жерлесімізді де алаңнан көріп қалармыз деген үмітіміз де бар.

Сәтін салсын дейміз.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521