Ақжайықтан үш алтын бұйырды

Көршілес облыстың Ақжайық ауданында бокстан облыстың ашық турнирі аяқталды.

Аталмыш ауданның құрметті азаматы Иманғалиев Абай Сатиұлын еске алуға арналған жарыстан индерлік боксшылар жүлдемен оралды. Мирас Аманқос, Тілек Болат, Нұрболат Жасақбаев жеңімпаз танылса, Ерасыл Асылбек, Рахман Мақсутов, Бекнұр Сағын, Мұхаммедали Алмашев, Айбек Сергеев жүлдегерлер қатарынан көрінді.

-Әсіресе, шәкіртіміз Нұрболат Жасақбаев алтын жүлдемен қатар, жарыстың “Үздік тактика-техникалық боксшысы” атағын жеңіп алды. Оны ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сабит келіп марапаттады, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің бокс бөлімінің бапкерлері Алмат Матжанов пен Мейрамбек Тұрғалиев.

Саламат Б.

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521