Жарсуат жастары да белсенді

 Жарсуат ауылындағы №116 сайлау учаскесіне жолымыз түскенде ауылдың жас жігіттері өздерінің таңдаған кандидаттарына дауыстарын беруде екен.

-Сайлау туралы бұған дейін тек естіп келсем, енді міне, бүгін өмірімде алғаш рет дауыс беріп отырмын. Сайлауда сенімге ие болған әкім ауылды әлі де көркейте түссе деймін. Әрі жастарды да қолдап жүрсе деген өтінішім де бар, -дейді жас сайлаушы Диас Сырымұлымен әңгімелескенімізде. Жастардан соң дауыс беріп шыққан зейнеткер Жолдас Бөлекбаевты да сөзге тарттық. -Ауылда атқарылып жатқан жұмыстар бар. Бірақ жасалған жұмысты көздің қарашығындай сақтайтын жанашырлық қажет етеді. Мысалы, өткенде балалар ойын алаңын ересектері бүлдіріп кеткен. Оны қалыпқа келтіруге ешкім асықпайтындай көрінеді.

Әрине, жауапкершілік бәрімізге қатысты. Дегенмен жұмысты тиімді ұйымдастыра білу әкімдерге де тікелей байланысты, -дейді ол. Осында бақылаушы болып отырған Гүлзада Есқожиева учаскеде әзірге бәрі талапқа сай өтіп жатқанын, ешқандай заң бұзушылық кездестірмегенін атап өтті. Аталмыш учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Өтекеновтың айтуынша, сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгерсе, түстен кейін сиреген.

-Округ орталығымен қатар Қызылжар, Ақтан, Жаманқұдық, Жаңақұдық, Молымбет сынды округтегі басқа да шағын ауылдардағы сайлаушыларға жәшік апарылып, дауыс беру ұйымдастырылды. Енді ауыл ішіндегі үйден дауыс беретін 34 сайлаушыға дауыс беру жүргізілуде. Қарттардың ішінде 95 жастағы ауылдың ең көп жасаған әже Қаным Ахметова да дауысын беріп, ақ тілеуін арнады,-деді осы учаскедегі сайлау комиссияның төрағасы Е.Өтекенов.

С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521