Жайық пен Қиғаш өзендерін түп тереңдету жұмыстары жалғасады

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«2017 - 2020 жылдары Жайық, Қиғаш өзендерінің 152 шақырымында түп тереңдету жүргізілді. Биыл Қиғаштың 17 шақырымында осындай жұмыстар жасалады. Алдағы жылдары 295 шақырым өзен түбін тереңдетуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамаға жолданды» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Спикердің атап өтуінше, бұл жұмыстар экологияны жақсартумен қатар, балық қорын молайтуға мүмкіндік береді.​

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде.

Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика