Қ.Тоқаев: "Кейбір кәсіпорындар банкрот болудың алдында тұр"

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі карантин режиміне қатысты мәлімдесінің мәтіні жарияланды. Онда Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы "ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін" екенін жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының айтуынша, COVID-19 пандемиясы салдарынан экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр. "Жер-жерде протекционизмнің күшеюі белең алуда. Экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр. 400 миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр. Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды. Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр", - деп жазылған Тоқаевтың мәлімдемесінде.

Президент "бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас" екенін жеткізді. "Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді. Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз", - деп жазылған Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бүгін бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулыға қол қойды. Қазақстанда төтенше жағдай режимі екі айдан аса уақыт болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты елімізде ТЖ режимін алғаш 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізген болатын. Содан соң 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі жарияланды.

Ал бірнеше күннен соң Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарында да карантин енгізілді. 3 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзартылды. Кейін ел Президенті төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Тек 21 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдетілді. Ал 27 сәуірде Президент ТЖ режимі және карантин режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді. Кеше Ақорданың ресми өкілі Берік Уәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, мәлімдеме жасайтынын хабарлаған болатын.

Сонымен, 2020 жылғы 11 мамыр сағат 00:00де Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылды, алайда карантин режимі сақталады.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 5138-ге жетті. 1941 адам аурадан айықты, 31 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика