Тоқаев 6 триллион теңгенің қайда жұмсалғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күреске қанша ақша бөлінгенін айтты, – деп жазады zakon.kz.

Қазақстанда коронавируспен күрес үшін қандай шаралар қабылдап жатқандығы туралы Президент ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы шараларға мемлекет 5 жарым, тіпті шамамен 6 трлн теңге жұмсаған.

«Жалпы, біз қабылдаған шараларға мемлекет бес жарым, тіпті шамамен 6 триллион теңге шығындады. Бұл 13 миллиард доллар немесе жалпы ішкі өнімнің 8 пайыздан астам көлемі. Яғни, тағы қайталап айтамын, бұл бұрын-соңды болмаған, шұғыл әрекет етуді қажет еткен шаралар. Бұл шараларды мақсатты түрде қолға алдық, әрине, ертең сын-ескертпелер болуы мүмкін, мәселен ақшаны желге шашты дегендей. Бірақ мен, ең алдымен, бұл жағдайда біздің азаматтарымыздың өмірі мен әл-ауқаты үшін аянбай күресуіміз керек деп санаймын, – деді Тоқаев.

Дереккөздің жазуынша, сұхбат барысында Тоқаев халықтың денсаулығы, күнкөрісі бірінші орында екенін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT