Саяси мәдениет қалыптасып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісін таратып, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойғаннан кейін қоғам қызу талқылап жатыр. Менің ойымша барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар ара-тұра жаңарып тұруы қажет. Бұл – халықтың өзін-өзі басқару жұмыстарының аясын кеңейту бағытында жасалып жатқан жұмыстардың заңды жалғасы деп білемін. Наурыз айының 19-ы күніне белгіленген сайлау алдыңғы сайлауларға қарағанда өзгеше болмақ. Өйткені, Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалды және 30 пайызы мажоритарлық негізде болады. Сонымен бірге, аралас модель облыстар мен республикалық маңыздағы қалалар мәслихаттары сайлауына енгізіледі. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс бере алады.

Сондай-ақ, қоғамның мәслихат сайлауына қызығушылығының жоғары болуы да, оның Парламент сайлауымен қатар өткізілуінде секілді. Бұл оң бастама. Халық осының арқасында мәслихатқа кімдердің өткенін біле алады. Бұл бір жағынан көпшіліктің саяси мәдениетін де өсіреді.

Бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт

талап еткен шешімді қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын

Серік ҚАДЫРОВ,

облыстық кәсіподақтар бірлестігінің

 «Келешек» кеңесінің төрағасы

Сайлау

ybory-2023-price

Форум

b

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика