Модельді қолдану пилоттық аймақтарда қылмыстық процесс қатысушыларының тергеу сапасына қатысты шағымдарын 100%-ға төмендетуге мүмкіндік берді

Бас Прокурордың айтуынша, «аналитикалық мүмкіндіктерді кеңейту және жасанды интеллектіні енгізу басқарушылық шешімдердің сапасын арттырып, прокурорлық қадағалаудың профилактикалық бағытын күшейтеді.

Барлық бастамалар «Заң мен тәртіп» идеологемасын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыруға бағытталған».

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың цифрландыру және мемлекеттік аппараттың жұмысына жасанды интеллектіні енгізу саласындағы тапсырмаларын орындаудың маңыздылығына назар аударды.

А. Дәдебай құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың цифрлық әлеуетін арттыру бағытындағы үйлестіру жұмыстарын жалғастыру, соның ішінде мемлекеттік органдардың платформалары мен деректер базаларын біріктіру, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және басқа да ортада жалған ақпарат пен фейктердің таралуынан азаматтардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

 

🌐 https://t.me/GenPr

 

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT