Форумда киберқауіпсіздік мәселелері талқыланатын пікірталас алаңы, сондай-ақ, күштік құрылымдар командалары арасындағы кибертурнир ұйымдастырылған.
Турнир күштік құрылымд
ардың киберқауіпсіздік саласы қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, киберқауіптерді анықтау мен алдын алу дағдыларын жетілдіру, командалық өзара әрекеттестікті нығайту және ақпараттық кеңістіктегі келеңсіздіктерге әзір болуға бағытталған.
“Киберқауіпсіздік - біздің қорғаныс шебіміз” ұранымен өтетін турнирге ҚР МКҚ, ҚР ҰҚК, ҚР ҚМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҰ, “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысады.
Турнир жеңімпаздары “қалалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды бұзу”, “радиосигналды бұғаттау”, ЖК аппараттық бөлігін бұзу” секілді шартты тапсырмаларды орындаудан жинаған ұпай санына қарай анықталады.


