Мемлекет басшысының Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше мән берілгені көңілге сенім ұялатады.
Аграрлық саланы қолдау, фермерлерге жеңілдетілген несие беру, су ресурстарын тиімді пайдалану және өнімді өңдеуді дамыту – ауыл үшін аса маңызды қадамдар. Бұл бастамалар шаруалардың еңбегін жеңілдетіп, өнім көлемі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер Жолдауда айтылған міндеттер жүйелі түрде жүзеге асса, ауыл шаруашылығы жаңа деңгейге көтеріліп, ауыл халқының тұрмысы жақсарады деп ойлаймын.
Жуманалиева А
Жеке кәсіпкер


