Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен өткен Жедел штаб отырысында 15 желтоқсан күні облыс аумағындағы қала, аудан және ауыл мектептері мен колледждерде оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Аталған күні барлық білім беру ұйымдарында сабақтар қашықтан оқыту режимінде өткізіліп, бекітілген оқу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Ата-аналар мен білім алушылардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және ресми ақпарат көздерін қадағалап отыруды сұраймыз.


