Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы ауа райының күрт нашарлауына қарамастан штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Алайда қолайсыз ауа райына байланысты, әсіресе трассалық бағыттарда орналасқан аудандарға жетуде белгілі бір қиындықтар туындап отыр. Кейбір автожол учаскелерінің уақытша жабылуына байланысты шақыртуларға жету уақыты ұзаруы мүмкін.
Сонымен қатар, қатты желдің әсерінен байланыс сапасының төмендеуі байқалуда.
Осыған қарамастан, жедел жәрдем қызметі тұрғындарға медициналық көмекті үздіксіз көрсетіп отыр.
2025 жылғы 14 желтоқсан күні барлығы 157 шақырту тіркелді, бұл орташа статистикалық көрсеткіштен аспайды.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.


