ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады

сурет ашық дереккөзден алынды

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:

1. Amanat партиясы – 40 мандат;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат;

3. Respublica партиясы – 6 мандат;

4. Қазақстан халық партиясы – 5 мандат;

5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат;

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 мандат.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл жолы кандидаттар партиялық тізім негізінде және бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз