Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерге жасаған сапары туралы баяндалды. Қазіргі уақытта 150-ден астам іс-шара өткен, оның көбі негізінен шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сенаторлар сапарының нәтижесінде азаматтарды алаңдатқан мейлінше өзекті мәселелерге талдау жасалды. Атап айтқанда, тауарлар бағасының өсуі, автомобиль жолдарының жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің қолжетімділігі және басқа да проблемалар.

Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді. Өткен аптада сенаторлар Ашхабадта «Орталық Азия – Ресей» атты парламентаралық форумға қатысты.

Ықпалдастықтың жаңа форматы Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуал, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, шекара маңындағы өңірлердің ынтымақтастығы, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселесі сияқты өзекті проблемаларды шешу жөніндегі депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға ықпал етеді.

inform.kz

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика